Текст
15 ақпан күні Астана қ. медициналық қызметкерлерге арналған «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептік ұйымдарда
салауатты тамақтандыруды ұйымдастыру. Қазақстандағы балалар қоғамдық тамақтандыруды реформалау қажеттілігі» тақырыбына «Bolashak» Халықаралық академиясыменұйымдастырылған семинар өткізілді.
«Еркежан» балабақшасының медбикесі Шатрова Светлана Ивановна аталған семинарға қатысты және одан көптеген ақпараттар алды. Семинар барысында мектепке дейінгілерді теңгерімді тамақтандыру, тамақ құнарлығы сонымен қатар, балалар ағзасын дамыту үшін азық-түліктерді дұрыс таңдау, іріктеу мәселесі кеңінен ашылды.