Балабақшада ағылшын тілін үйрену балалардың айналамен танысудағы қарым-қатынасы мен баланың дамуына пайдалы әсер ететін құрал болып табылады. Балаларды дамыту үшін түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар түрінде өткізілетін шетел тілімен танысу балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын қалыптастырып , таныс емес сөздер мен фразаларды түсіне білуге жетелейді.
Педагогтың ағылшын тіліндегі сөзін қабылдау балалардың фонемалық есту қабылетіне, сөздерді есте сақтауына, зейінін дамытуға әсер етеді,ал сөздер мен фразаларды аудару - мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуы мен логикалық ойлауы мен назарын дамытуға ықпал етеді.
Бала кезден естіп, құлаққа қанған сөздердің басқа , таныс емес тілде қалай айтылатынын білуге құлшыныс баланың қызығушылығын дамытуға оның жан- жақты дамуына, сондай-ақ дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.
Сабақтарда балалар лексикамен , қарапайым грамматикамен танысады, ағылшын тілінде өлеңдер мен әндер жаттайды, сахналық қойылымдар қояды. Жүйелі түрде өткізілетін сабақтар үйретілген материалдарды пысықтауға, бекітуге мүмкіндік береді, балаларды ойындар арқылы дамыту маңыздылығы сабақтарды қызықты да қызғылықты етеді. Алуан түрлі мазақтамалар,уатулар мен ертегілерді пайдалану сабақтағы материалдардың жеңіл игерілуіне және түсінікті, қолжетімді болуына көмектеседі.
Өз балаларыңыздың ағылшын тілімен алғашқы танысуын жеңіл де жайлы, әрі тартымды етіңіздер!