Текст
Қазақстан халқының бірлік күні – Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігін білдіретін мейрам. 1 Мамыр қарсаңында «Аққулар» мектепалды тобында ұмытылмас мереке өтті. Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, әртүрлі тілде әндер шырқап, өлеңдер оқыды. Осылайша олар достықтың шекарасы жоқ екенін дәлелдеді.