«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Еркежан» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»


Вкусноежка

Біз әлеуметтік желілерде

  

 

"Еркежан" б/б ұжымы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік төрінде»

15.12.2017

Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсің бе,Күн шуағы!Сенің шуағынертемен бізді оятты.Күн шуағы бізге әрдайым нұрын шашады.Рахмет саған!Біз өстік,саған қарай қол созамыз,қонақтарға жылы лебіздерімізді білдіреміз!

Бір-бірімізге жақсы көңіл сыйлайық.Күн шуағы сен бүгін бізбен бол!

-Өте жақсы,балалар!Саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.

-Сонымен,біз кілемшемен туған өлкеміздің үстінен ұшып бара жатырмыз.Біздің Отанымыз қалай аталады?

Картадан еліміздің аумағын көрсетіп,Отанымыз туралы әңгімелесу

Билингвальдық компонент:Отан-Родина,астана-столица.

Отан(Родина)-туған ел,өскен жер.

-Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған.Сары,жасыл,қоңыр,көк түс те бар.Бұл

еліміздің табиғатының алуан түрлі екенін көрсетеді.Осы түстер нені білдіреді?

-Балалар,біз қазір елді мекендер үстінен ұшып барамыз:кішкентай үйлер киіз үйлер жайлауда мал жайылып жүр,ешқандай көлік түрлері түтіндеп жатқан фабрикаларымен зауыттар көрінбейді. Табиғаты әсем ауасы таза, суы мөлдір.

-Бұл не екен?(Ауыл)

-Бұл еліміздің ең басты қаласы-Астана. Астананың үстінен ұшып барамыз.(Астана

қаласындағы жаңа ғимараттардың суреттерін көрсету).

-Астана-столица.

Сергіту сәті:

«Жақсы ма?»

-Күн шыққаны жақсы ма?

-Жел соққаны жақсы ма?

-Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?

-Анаңды құшақтаған жақсы ма?

-Отаныңда өмір сүрген жақсы ма?

-Үйде болған  жақсы ма?

-Би билеген жақсы ма?

-Отанымның азаматы болғаны жақсы ма?

-Қараңдар,біз қарлы шыңы бар таудың үстінен ұшып барамыз.Бұл таулар Тянь-Шань деп аталады.Осы таудың сол түстік жағындағы тау сілемдері Алатау деп аталады.Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар тау жоталарына ала түс береді.Атауы соған байланысты.Мұндай таулар биік болып келеді.Тау етектерінде орман тоғай- бар.Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан.Біз осы

қалаға ұшып барамыз.Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша қала» деп бекер атамаған.Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағы баубақшаларда алма,өрік,шие гүлдеген кездеқала ертегіге айналады.

Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан.Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Бірнеше баладан «Апорт алмасы қандай?»деген сұраққа жауап алады.

-Міне,саяхат та аяқталды.

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Біз қай жерлерде болдық?

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст