"7-мамыр Отан қорғаушылар күні" қарсаңында «Арай» және «Аққулар» мектепалды топтарында "Әкелер мектебі" жоспары бойынша ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылған «Әке және мен» атты спорттық-сауықтыру шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, балалар мен әкелердің арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Шара барысында әкелер мен балалары әртүрлі қызықты эстафеталық ойындарға қатысып, шапшаңдықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Балалар мен ата-аналар көтеріңкі көңіл-күймен, белсенділікпен қатысып, көрермендерге жағымды әсер қалдырды.
Іс-шара достық, ынтымақ және жылулыққа толы атмосферада өтті. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.