Текст
Балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен іс-әрекетке белсенді араласуына, құрастырумен айналасуда балалардың өз шеберліктерін көрсете алуына жағдай жасауы қажет. Сабақта «Арай» тобының балалары
құрылыс материалдарымен жұмыс жасағанды өте жақсы көреді. Өйткені оларға еркіндік беру, өздері қалаған орындарына отырып жасауға,ыңғайлы орынға жайғасуына және басқа құрбыластарымен ақылдасып, бір-бірінен сұрап, көмек көрсетіп, пікірлесе алатындай болуы шарт.
Ұланымын даланың,
Ұрпағымын бабаның.
Есейгенде мен ертең,
Құрылысшы боламын.