«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Еркежан» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»


Вкусноежка

Біз әлеуметтік желілерде

  

 

"Еркежан" б/б ұжымы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді

24.11.2017

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

  Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

  «Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

  (ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

 Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң                                

  Той жасайды халқымыз,

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.                                 

Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,                            

Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

Ән: «Алтын күз»

 Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

  Күз ханшайымы:Сәлем менің достарым,

                               Өмірге көп қосқаным,

                               Күз сыйлығын алыңдар

                               Сыйлығына қаныңдар.

                               Молшылыққа кенеліп,

                              Шаттық әнге салыңдар.

  Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

  Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

  1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

  2.Ашулы қонақ бұл анық,

  Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

  3.Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

  4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

 5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші:  Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Себетпен»

Дария: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады!

2 - бала: Енді, енді не етеміз?!

Дарияға  қалай көмектесеміз?

Даяна: Сабыр сақта, саспайық

Дәрігер шақырайық!

Дария: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!

Қазір өзім тұрамын тез!

Даяна:Онда дәрі ішіп ал,

Менде міне, көп дәрі бар!

Амина: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек

Бұл - дәлелденген рецепт!

Дария: Ах!

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Жалғас: Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: Дарияға дәрігерлік көмек керек!

Жалғас: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Жалғас: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Қол - аяғың әлсізденген

Қызуың ыстық екен

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа

Дәрумендер жетіспеген!

Дария: Енді не істеймін?

Жалғас: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының , Қызанақ – кореспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, хабарласып көрейік!

  -          Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ- кореспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

  1–Өрік

  2– Қызанақ

 3– Орамжапырақ

 4– Жүзім

 Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Ән: «Бізде де бар, бау бақша»

Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Би: «Флешмоб»

   

Просмотров: 801


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст