Текст
Мақсаты:
— Жыл мезгілдерінің өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыру ;
—әр мезгілдің өз ерекшеліктері туралы түсініктерін тиянақтау.
Ақ киімді біреуі,
Сары киімді біреуі,
Көк киімді біреуі,
Әлем, жәлем киімі,
Тағы бірі жүреді.
- Өлеңде не жайлы айтылған? (жыл мезгілдері туралы әңгімелеу)
- Қазір жылдың қай мезгілі (күз жпйлы әңгімелеу)
Қыркүйек айының алғашқы күндері жылы болады. Ағаштарда ең алғашқы сары жапырақтар пайда болады. Жердегі шөптер сарғайып, гүлдер сола бастайды Үлкендер егіс даласындағы жиын-терін жұмыстарын аяқтауға, мал азығын мол етіп жинап алуға асығады.
Еңбек
Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау.
Мақсаты:
— орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету;
— экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу.