Текст
«Аналар мектебі» жобасы аясында «Жүгері» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Кездесуді Финк Эмелияның анасы — Лиана Александровна жүргізді. Балалар жүгері — көптеген елдерде өсірілетін дәнді дақыл екенін білді. Жүгеріні адамдар да, жануарлар да азық ретінде пайдаланады. Одан ботқа, ұн, жүгері үлпектері және попкорн жасалады.
Біз жүгерінің қалай өсетіні, оның дәндерінің қандай болатыны туралы әңгімелестік, сонымен қатар оның денсаулыққа пайдасы жөнінде мәлімет алдық. Балаларға өтеиқызықты болды: көпшілігі үйде жүгеріні қалай жейтіндерін айтып бөлісті — қайнатылған, пеште пісірілген немесе попкорн түрінде.
Әңгіме барша қатысушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті.