«Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиеленушілері жылыжай мен бақшаға қызықты саяхат жасап, көкөністер мен жидектердің қалай өсетінін көріп қайтты.
Жылыжай – бұл өсімдіктерге арналған жылы үй. Онда әрдайым жарық әрі жылы болады, сондықтан көкөністер көктем мен күзде де өсе алады. Жылыжайда балалар қызанақ, қияр және бұрыштың қалай өсетінін көрді.
Жылыжайдың жанында сәбіз, пияз, қызылша, редис, бұрыш және салат өсетін бақша орналасқан. Балалар өсімдіктерге күтім жасау керектігін біледі: оларды суарып, жерін қопсытып, арамшөптерді алып тастау керек.
Саяхат өте танымды және қызықты өтті. Балалар өсімдіктерді қызыға бақылап, олардың қалай өсетінін және табиғатқа қамқор болудың маңыздылығын білді. Енді балалар балғын көкөністердің қайдан алынатынын және оларды қалай өсіруге болатынын жақсы біледі.