Мектепке дейінгі “Аққулар” тобының тәрбиеленушілері бүгін гүлзарларды тамашалады.
Гүлзарлар – бұл жай ғана сұлулық емес, бұл – даму мен білім алу, ландшафттық дизайн элементі.
Олар балалар үшін қолайлы және тартымды орта қалыптастырады.
Гүлдердің сұлулығы балалардың әсемдікті сезінуін дамытады, талғамын және эстетикалық қабылдауын қалыптастырады.
Бақылағыштықты, зейінді және есте сақтауды дамытады.
Ұсақ моториканы, қимыл-қозғалыс координациясын дамытып, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке үйретеді.
Бірлескен жұмыс балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытып, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, көмектесуге және келісімге келуге үйретеді.
Бұл – ойынды, білім алуды және еңбекті біріктіретін тамаша тәсіл.
Тәрбиеші:Джакупова М. Д.