2-3 маусым күні Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі мен балабақшасында: «Қазіргі заманғы
мектепке дейінгі білім беру: тенденциялары, проблемалары, келешегі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің 100 жылдығына арналды. Конференция ҚР Білім және ғылым министрлігімен, мектепкке дейінгі балалық Орталығы және Нұрсұлтан НазарбаевҚорымен ұйымдастырылды. Қазақстанның 16 өңірінен, Ресей мен Белорусиядан 230 делегат конференцияға қатысты, оның ішінде 73 қатысушы «Мирас» балабақшасында болды. Ақмола
облысы атынан Жарқайың, Есіл, Целиноград аудандарының балабақша меңгерушілері мен №4 «Еркежан» ББ меңгерушісі Толғамбаева
Жанаргүл Еркеновна аталмыш ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
«Мирас» балабақшасының педагогтары 6 секция дайындапты, оның жұмысы барысында жиналғандар тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын кіріктіру бойынша тәжірибе алмасты.