12 сәуір күні №5 «Алтын бесік» балабақшасының музыка залы түпкілікті ұлт өкілдері болып келмейтін мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілері мен мектепалдындағы және бірінші сынып оқушылары арасындағы аудандық шығармашылық конкурсқа қатысушыларына есігін айқара ашты. «Театраландырылған қойылым» номинациясына «Аққулар» естиярлар тобының тәрбиеленушісі Базгиева Әлия қатысты. Бұл номинацияны бағалау барысында идея мен мазмұны ерекшелігі, содержания, көркем образды аша білуі, сахналық шеберлігі, артистизм және конкурс тақырыбына сәйкестігі бағаланды. Конкурсанттар өздерінің тамаша шеберліктері мен мемлекетттік тілді
жақсы білетіндігін көрсетті, ал көрермендер залдағы керемет атмосферада естен кетпес әсерде отырып, жас өнерпаздарға қолдау көрсетті.. Музыка, тартымды костюмдер мен декорациялар аталған мерекені нағыз театралық шоуға айналдыруға ықпал етті .Бұл номинацияға
барлығы 12 конкурсант қатысты. «Театраландырылған қойылым» номинациясына 3 кезеңде өтті. Конкурсанттар бірінші кезеңде әнді мемлекеттік тілде театраландырылған қойылым көрсетті, номинациясына орындады, екінші кезеңде сүйікті ертегісін айтып, үшінші кезеңде қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша Әлия құрметті IІ орынға лайық деп танылды.
Махмудов Мовсар ( «Аққулар» ересектер тобы) мен Жунусов Жалғас ( «Арай» естиярлар тобы) Әлияға аты аңызға айналған Самрұқ құстың сахналық образын сомдауға көмектесті. Базгиевтар мен Жунусовтардың отбасына керемет костюмдер ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Балабақша ұжымын лайықты жеңісімен құттықтамймыз!