11 сәуір күні №4 «Еркежан» балабақшасының музыка залы түпкілікті ұлт өкілдері болып келмейтін мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілері мен мектепалдындағы және бірінші сынып оқушылары арасындағы аудандық шығармашылық конкурсқа қатысушыларына есігін айқара ашты. «Музыкалық қонақжай» номинациясына «Аққулар» естиярлар тобының тәрбиеленушісі Власова Арина қатысып, «Мәңгі жаса Отаным» әнін шырқады. Бұл номинацияны бағалау барысында кез келген жанрдағы әнді қазақ тілінде орындау, орындау бірегейлігі (шығармашылық тұрғы, костюмдері, музыкалық сүйемелдеу) ескерілді. «Музыкалық қонақжай» номинациясы 3 кезеңде өтті. Конкурсанттар бірінші кезеңде әнді мемлекеттік тілде орындады, екінші кезеңде сүйікті ертегісін айтып, үшінші кезеңде қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша Арина құрметті I орынға лайық деп танылды.
Ересектер тобының ұлдары: Купобаев Даулет, Жанғожа Бекзат, Акпаленов Жан, Кунанбаев Санжар, Махмудов Мовсар, Данилин Артем
бишілер тобында болды.
Власова Аринаның отбасына және костюм тіккен Есеева Л.Е. –ерекше алғыс білдіреміз.
Балабақша ұжымын лайықты жеңісімен құттықтамймыз!