13 сәуір күні №3 «Родничок» балабақшасында түпкілікті ұлт өкілдері болып келмейтін, мемлекеттік тілді үйреніп жүрген мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілері мен мектепалдындағы және бірінші сынып оқушылары арасындағы аудандық шығармашылық конкурс конкурс өтті.
Конкурс мақсаты:
- Еліміздің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру шеңберінде балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау көрсету, насихаттау.
Конкурс міндеттері:
- балалардың шығармашылық әлеуеттері мен көркемдік талғамдарын қалыптастыру және дамыту ;
- білім беру мекемелерінде тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыстарды белсендіру ;
- жас ұрпақтың бойында аса маңызды құндылықтар ретіндегі ақазақ тілі мен әдебиетіне, қазақ қолданбалы өнеріне, музыка өнеріне деген позитивті қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал ету;
- білім алушылардың өзіндік іске асырылуына, олардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыруға жағдай жасау;
«Әдебиеттік оқу» номинациясына біздің балабақшадан «Аққулар» естиярлар тобының тәрбиеленушісі Гончаров Николай қатысты. Бірінші кезеңде ол қазылар алқасының назарына қазақ жазушысы Оразақын Асқардың «Туған жер» шығармасын ұсынды, конкурстың екінші кезеңінде Николай «Шұбар тауық» ертегісін айтып берді, үшінші кезеңде қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
Нәтижесінде Николай Гончаров екінші орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Біз өзіміздің Николайға келешек жетістіктер тілейміз.