Бүгін психологиялық апталығы аясында «Бәріміз әртүрліміз — бұл керемет», «Көңілді күн», «Достық шеңбері» атты іс-шаралар мектепалды топтары «Арай» және «Аққулар» тәрбиеленушілерімен психолог Әлкеш А.У. өткізді.
25.11.2025
Іс-шараның мақсаты — балалардың көңіл күйін көтеру, өзіндік ерекшелігін қабылдау, достық қарым-қатынас пен бір-біріне деген құрмет сезімін нығайту болды. Балалар қызыға қатысып, жағымды эмоциялар мен жаңа әсерлерге бөленді.