Бүгін «Еркежан» бөбекжай-бақшасында «Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар (әзірленген бағдарламалар, жобалар, оқу-әдістемелік кеңес ұсыным жасаған оқу-әдістемелік материалдар)» тақырыбындағы №2 педагогикалық кеңес өтті.

03.12.2025

Отырыс барысында педагогтар білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, соның ішінде мекеме ішінде әзірленген және оқу-әдістемелік кеңес ұсынған авторлық бағдарламалар мен әдістемелерді қолдану мәселелерін талқылады. Ерекше көңіл мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға бөлінді.
Педагогтар өз жобалары мен әдістемелік әзірлемелерін таныстырып, оларды тәжірибеге енгізу бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша педагогтардың авторлық бағдарламалар мен әдістемелік материалдармен жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданып, оларды «Еркежан» бөбекжай-бақшасының оқу-тәрбие үдерісіне енгізу және тәжірибеде қолдану бағытындағы жоспарлар айқындалды.

Просмотров: 320


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст