«Еркежан» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері еліміздің 25 мықты командасы бақ сынаған Республикалық робототехника турниріне қатысты.

05.12.2025

Мақтанышпен хабарлаймыз: Халиулин Радмир мен Бегасил Айқаракөз жүлделі 2-орынды иеленді! 🥈🚀
👏 Бұл — балалардың еңбегі, олардың қызығушылығы, табандылығы мен білімге деген ұмтылысының нәтижесінде келген үлкен жеңіс. Турнир жаңа көкжиектер ашып, сенім сыйлап, шабыттандырып, робототехника әлемінде жаңа белестерді бағындыруға деген құлшыныс ұялатты.
💐 Жас таланттарды дайындаған педагогтар — Серикпаева Асемгуль Дастановна мен Орымбаева Язгуль Толегеновнаға алғыс білдіреміз.
Робототехника үлкен жаңалықтар әлеміне жолдама болсын!

Просмотров: 648


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст