07 сәуір күні «Ботақан» ересек тобында, оңкүндік қарсанында топ тәрбиешісі Алдабергенова Бахыт Арыстанбековна,
2-3 жеті аралығында топтың балалары және ата-аналар көмегімен іске асырылған қысқа мерзімді «Түрлі түсті қақпақтар» атты жобасының көрсетілімі өткізді.
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
♦ Жұмыс нәтижесіне жетуге,тастанды материалдар қақпақтарды қалай қолдануға және онымен жаңа ойын ойлап табуға үйрету.
♦ Қиял, ой, шығармашылық, тәжирибе жасау қабілеттерін дамыту.
♦ Зерттеу, тәжірибе жасау қортындысын шығару. Өзіне,өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру,өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.
♦ Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру, айналадағы табиғатқа ұқыптылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрсетілім оқу іс әрекеті түрінде өтті. Балалардың үш жеті бойы пластикалық қақпақтар туралы білгендерін қортындылап,тәжирибе жасап ойындар ойнатылды.