Текст
2025 жылғы 18 желтоқсанда Атбасар қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық практикалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы – «Бір мақсат – бір бағыт: мектепалды даярлық пен бастауыш білім берудің сабақтастығы».
19.12.2025
Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері қатысты.
Мектепалды «Арай» тобының тәрбиешісі Аканова С.Ш. және әдіскер Серикпаева А.Д. семинарға қатысып, шебер-сыныптарға белсенді түрде қатысып, мол тәжірибе мен жағымды әсер алды.
Просмотров: 632