2017 жылдың 15 - 17 наурызы күндері Көкшетау қаласында «Жас Өнер: на пути к культуре мира» атты балалар мен жастар
хореографиялық шығармашылығының III Республикалық фестивалі өткізілді. Фестиваль
Ел Президенті Н.А.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2013 – 2022 жж. мәдениеттерді жақындастыру онжылдығы және 2012 жылы 67 БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған БҰҰ (ЮНЕСКО) бағдарламасы аясында өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты –жеткіншек ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаны үйлесімді дамытудың негізгі факторы ретіндегі балалар мен жастар би шығармашылығын дамыту болды. Фестивалге еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген ұжымдар қатысты. Атбасар ауданының намысын №4
«Еркежан» балабақшасының тәрбиеленушілері қорғады.Біздің ұжым үшін осындай конкурсқа қатысу үшін алыс
сапарға шығу екінші рет. Бұл балаларға да, балабақша меңгерушісі Толғамбаева Ж.Е., хореограф Жаксылыкова М.О., қоштап апарушылар : әдіскер Серикпаева А.Д., медбике Шатрова С.И., тәрбиешілер Калмаганбетова М.О., Алдабергенова Б.А., Андрюшечкина Л.М., Мухамеджанова М.М. үшін аса толқулы сәт, асқан жауапты сапар болды.
5-7 жасарларға арналған «Танцевальное шоу» номинациясында «Еркеназ» би ұжымы құрметті екінші орын иеленді. Тартымды «Чунга - чанга» және «Роботы» залдағыларды бей –жай қалдырмады. Балалар би кезінде жылдам қимылдайтын маймылдар мен баяу қимылды роботтардың образын айқын нақышына келтіріп көрсете білді.
«Жұлдыз» БҚБО ҚБ төрайымы, ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, профессор Е.Дмитриенко №4 «Еркежан» балабақшасының хореографы Жаксылыкова Мереке Омурбековнаға Республикалық фестиваль медалін тапсырды. Би ұжымының мүшелері : Купобаев
Даулет, Бегимбетова Назира, Айтеев Абылай, Тюлебаева Милена, Акпаленов Жан, Сейлхан Каусар, Жангожа Бекзат, Муханжарова Томирис, Данилин Артем, Гаража Виолетта, Махмудов Мовсар, Мурат Жанайым, Кунанбаев Санжар, Наумова Елизавета, Гончаров Николай, Власова Арина, Мусеипова Лаура, Айтпай Архат фестиваль Сертификатын иеленді. .
Көздің жауын алатын тамаша сахналық костюмдер тіккені үшін Есеева Ляйлим Есенбековнаға, жарқын би- композициялық қойылым үшін
хореограф Жаксылыкова Мереке Омурбековнаға, тәрбиеленушілердің ата-аналарына шексіз алғыс білдіреміз.
Біз өнер мен таланттың, тартымды музыканың, алуан түрлі түстер мен биге толы тамаша ортада болып, керемет сезімге бөленіп, ләззаттанып қайттық десек асыра айтпаймыз. Бұл естен кетпес жарқын сәт біздерді жаңа шығармашылық жетістіктерге жетелейді!