Ұйымдар тізімі
26.12.2025
Ересек «Балапан» тобында «Жаңа жыл кешіндегі ғажайыптар» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында балалар Жаңа жыл кейіпкерлерімен бірге түрлі қызықты ойындар ойнап, көңілді билер билеп, шат-шадыман әндер орындады. Тәрбиеленушілер музыкалық аспаптарда ойнап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш ерекше көңіл-күй сыйлап, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайта түсті. Ертеңгіліктің ең әсерлі сәті – АЯЗБАНК терминалынан балалардың өз сыйлықтарын алуы болды. Бұл сәт тәрбиеленушілерге нағыз ертегідей қуаныш сыйлап, Жаңа жыл мерекесінің ғажайыпқа толы екенін сезіндірді. Мерекелік шара балалардың есінде қаларлықтай әсер қалдырып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жылулық сыйлады.




