Текст
Ұйымдар тізімі
26.12.2025
Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді . Осыған орай, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектепалды «Арай» тобында « Жаңа жылдық сиқырлы кеш!» атты ертеңгілік өтті. Мереке шаттыққа, күлкіге және ғажайыпқа толы болды. Әсем безендірілген зал, ертегі кейіпкерлері, көңілді ойындар мен әсерлі би-әндер балаларға ұмытылмас көңіл күй сыйлады. Аяз ата мен Ақшақардың тосын сыйлары, балалардың жарқын өнерлері мерекені нағыз ертегіге айналдырды. Бұл күн әр баланың жүрегінде қуаныш пен сенім қалдырды!




