Текст
«Балабақшадағы қысқы серуен»
09.01.2026
«Аққулар» мектепалды даярлық тобы — өте тату, белсенді әрі еңбекқор балалар.
Бүгінгі серуенде балақайлар тек ойнап қана қоймай, үлкен қызығушылықпен жолдарды қардан тазалады ☃️
Әр бала көмек қолын созып, өзінің маңыздылығын сезіне білді.
Мұндай іс-әрекет балалардың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және командада жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар ортақ істің нәтижесі қуаныш сыйлайды 🤍
Таза ауа, белсенді қозғалыс және көтеріңкі көңіл-күй серуенді ерекше пайдалы етті.
Просмотров: 399