Текст
Ұйымдар тізімі
28.01.2026
Мектепалды «Арай» тобында балаларды еңбекке баулу мақсатында таза ауада қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.Іс-шара барысында балалар күрекпен қар тазалап, аула тазалығын сақтаудың маңызын түсінді. Бұл еңбек әрекеті балалардың жауапкершілігін арттырып, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды. Сонымен қатар, таза ауадағы қозғалыс балалардың денсаулығын нығайтып, еңбекке деген оң қөзқарасын дамытуға ықпал етті.




