Мақсаты : балаларды әскери мамандықтармен таныстыруды жалғастыру, әскери қызметкерлердің күн тәртібімен таныстыру, олардың қызмет мәні мен басты міндеттерін атап көрсету, ептілікке, батылдыққа, командирдің берген пәрмендерін нақты орындауға үйрету, балалардың сөздік қорын кеңейту: «шекара», «бекет», «күзет», «бұзу», «алаңдау белгісі», «шекарашы» түсініктерін бекіту.
Жабдықтар : балаларға арналған әскери киімдер элементі, қару.
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға Отанымыздың мемлекеттік шекарасына бару туралы ұсыныс жасады. Шекараны қалай және қандай мақсатта қорғайтыны, шекарашының қызметі қалай өтетіні, әскери адамның күн тәртібі қандай екені туралы әңгіме өткізілді. Балалар өздігінен Әскери командир,шекара заставасының басшысын, ит асыраушыларды тағайындады. Ойын барысында балалар бұдан бұрынғы сабақтарда алған білік-дағдыларын бекітті. Балалардың өзара достық көмегіне, қолдауына назар аударылды.