Текст
    
                                
            
                                
            Ұйымдар тізімі
            
                            
                            
            
                15.02.2017
        
Білім беру саласы:«Таным».
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек,
шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты:реттік санауды жалғастыру (5 саны көлемінде), сандық және реттік санауды ажырата алу, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын, саусақ гимнастикасы, жұмбақтар.
Қажетті көрнекі құралдар:цифрлар карточкасы, торсық, домбыра, қамзол суреті, жұмыс дәптерлері, заттармен карточкалар.




