Текст
Ұйымдар тізімі
04.02.2026
Балалардың қауіпсіздігі-балабақша жұмысының басты бағытының бірі. Жол жүру ережесін ерте жастан меңгеру балалардың өмірін қорғауға, тәртіпті әрі жауапты болып өсуіне көмектеседі. Сондықтан, мектепалды «Арай» тобының балаларымен жолда жүру ережесі тақырыбына байланысты іс-шара өтті.
Балалар ойын түрінде жолды қауіпсіз кесіп өту ережелерін үйреніп, маңызды көліктердің атын есте сақтап, жол белгілері не үшін қажет екені жайында білді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде балалар жолда жүру ережелері туралы білім алды.




