Ата-аналар жиналысы

05.02.2026

«Балапан» ересек тобында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында Сауле Арыстанбековна мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі ойынның мақсаты мен міндеттері туралы кеңінен айтып, оның бала тұлғасының дамуына тигізетін маңызын атап өтті.

Язгуль Толегеновна ата-аналарды ойын түрлерімен таныстырып, олардың баланың зияткерлік, эмоциялық және әлеуметтік дамуына қосатын үлесін түсіндірді.

Музыка жетекшісі Динара Жаксылыковна музыкалық аспаптарда ойнап, би қимылдарын көрсетіп, іс-шараның мазмұнды әрі қызықты өтуіне ықпал етті.

Кездесу ата-аналарға пайдалы ақпарат беріп, пікір алмасуға және тәрбиелеу мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – СУСН санатындағы отбасыларға тамақтану шығындарының өтемақысын төлеу бойынша ата-аналарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Ата-аналарға құжаттарды рәсімдеу тәртібі, өтемақы алу шарттары және өтініш беру мерзімдері түсіндірілді.

Просмотров: 329


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст