«Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті» КММ мектепке дейінгі мекемелер арасында «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым», «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» балалар арасындағы үздік мәнерлеп оқу конкурсын және «Ұлы дала ұрпақтары» облыстық конкурсын өткізді.
Конкурстардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымның білім беру мазмұнын ж жаңартуды іске асыру
жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу, тәрбиеленушілдердің позитивті әлеуметтену, оқуы мен даму жағдайын ұйымдастырудағы озық тәжірибесін анықтау және насихаттау. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру шеңберінде мектепке дейінгі жастағы
балалардың шығармашылықтарына қолдау көрсету болды. Бұл облыстық конкурсқа облыстың 17 мектепке дейінгі ұйымы қатысты. Конкурс нәтижесінде « №4 «Еркежан» МКҚК «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» конкурсында I орын, «Ұлы дала ұрпақтары» конкурсының «Үздік театрландырылған қойылым» - номинациясында I орын алды, «Аққулар» тобының тәрбиеленушісі Махмудов Мовсар, Тюлебаева Милена «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» мәнерлеп оқу конкурсында БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!
Балабақша меңгерушісі Жанаргүл Еркеновна Толғамбаева жаңашыл ізденістері, шығармашылық тұрғысы, тәрбиеленушілерді жоғары сапалы оқытқаны және жеткіншек ұрпақты тәрбиелегені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Құттықтаймыз !!!