Текст
Ұйымдар тізімі
11.02.2026
Мектепалды «Арай» тобында таза ауада шаңғымен жүру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Бұл спорттық белсенділік балалардың денсаулығын нығайтып, шыдамдылығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға және қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталды. Балалар шаңғымен дұрыс жүруді, тепе-теңдікті сақтауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйренді. Шаңғымен жүру балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, салауатты өмір салтына деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.




