Текст
Біздің балабақшада Данараның туған күні жақсы өткізілді, көптеген қуаныштар болды. Балалар ойын ойнап, Данараға тілектер тілеп, билеп көңілдерін жақсы көтерді. Қонаққа сайықымазақ келіп сыйлықтарын таратты.
Құттықтау тілек:
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Данара шын жүректен туған күнімен құттықтаймыз!