«Аурухана» сюжетты-рөлдік ойыны

18.02.2026

Бүгін «Аққулар» мектепалды тобында «Аурухана» сюжетты-рөлдік ойыны өтті.
Балалар дәрігер, мейірбике және емделуші рөлдерін сомдап, өзара сыпайы сөйлесуді, бір-біріне қамқорлық жасауды және денсаулық жағдайы туралы айтып беруді үйренді. Ойын барысында тәрбиеленушілер медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысып, денсаулықты күту ережелері туралы білімдерін бекітті.
Ойын жылы әрі достық жағдайда өтіп, балалардың тіл байлығын, қиялын және өзара ынтымақтастық дағдыларын дамытуға септігін тигізді.

Просмотров: 733


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст