№5 мектепте «Ана жүрегінің нұры – 2026» атты көпбалалы педагог-аналарға арналған мерекелік құттықтау концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

05.03.2026

Адамзат баласына мейірім мен жылулық сыйлайтын асыл жандар – аналарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және өскелең ұрпаққа өнеге ету мақсатында өткен бұл шара ерекше әсерге бөледі. Көпбалалы педагог-аналар – тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар білім мен тәрбиенің шамшырағы. Олар өз шаңырағында да,  балабақшаларда да, мектеп қабырғасында да, саналы ұрпақ тәрбиелеп, қоғам дамуына сүбелі үлес қосып келеді.
Концерт барысында оқушылар аналарға арнап жүрекжарды өлеңдерін оқып, әсем әндер шырқап,  би биледі. Әрбір қойылған нөмірлер анаға деген шексіз сүйіспеншілік пен алғысқа толы болды. Мерекелік кеш жылы лебіздер мен ізгі тілектерге ұласып, аналардың жүзінде қуаныш пен ризашылықтың нұры көрінді. Осындай тамаша көңіл күй силаған білім бөлімінің басшысы мен кәсіподақ басшысына  алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 212


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст