Текст
Ұйымдар тізімі
10.03.2026
Балалар қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің бір түрі – ою-өрнектермен танысты. Тәрбиеші балаларға ою-өрнектердің мағынасы мен түрлері туралы айтып, олардың қайда қолданылатынын түсіндірді.
Балалар «қошқар мүйіз», «түйетабан», «құсқанаты» сияқты ою түрлерін қызығушылықпен тамашалап, олардың әсемдігі мен ерекшеліктеріне назар аударды. Сонымен қатар балалар қағаз бетіне ою-өрнектер салып, оларды түрлі түстермен бояп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.




