Ересек «Балапан» тобында балалармен қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында қызықты іс-шара өткізілді.

16.03.2026

Балалар «Шер», «Шертпек», «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындардың үстел үсті нұсқаларын ойнап, үлкен қызығушылық танытты.
Ойын барысында балалар ептілікке, шапшаңдыққа, бірлікке үйреніп, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысты. Көңілді ойындар балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, достық пен ұйымшылдықты нығайтты.
Ұлттық ойындар – халқымыздың бай мұрасы, оны кішкентай бүлдіршіндерге таныстыру әрқашан маңызды. 🇰🇿✨

Просмотров: 138


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст