Сюжеттік-рөлдік ойын: «Кафе» ☕

16.03.2026

«Балапан» тобының балаларымен «Кафе» атты сюжеттік-рөлдік ойын ойнатылды. Ойын барысында балалар аспаз, даяшы және қонақ рөлдеріне еніп, бір-бірімен мәдениетті сөйлесуді, тапсырыс беруді және қызмет көрсетуді үйренді.
Сонымен қатар ойын арқылы балалар қаржылық сауаттылықтың алғашқы түсініктерімен танысты: ақша төлеу, есептеу, сатып алу сияқты қарапайым әрекеттерді ойын түрінде орындап көрді.
Қызықты әрі танымдық өткен ойын балалардың қиялын дамытып, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиеледі. 😊

Просмотров: 134


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст