Текст
Балалардың туған өлкеге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы түсініктерін кеңейту мақсатында "Аққулар" тобында тақырыптық сабақта балалар бейнероликтерді қарады.
Олардың назарына Алатау баурайында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың отаны – жайлау Үш қоңыр туралы "Үш қоңыр" әнімен бейнеролик ұсынылды.
Балалар Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің еңбек қызметін металлургтен бастағанын білді. Сондықтан оның сүйікті әні - "Заречная көшесіндегі көктем" фильміндегі ән. Тәрбиеленушілер Президенттің ән орындау үзіндісін тамашалады.