Текст
Жылдық оқу жоспары бойынша ересектер «Балапан» тобында «Математика негіздері» ҰОҚ –нен «Геометриялық пішіндерді сипап сезу арқылы салыстыру» атты тақырыптық ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Геометриялық пішіндерді сипап сезіп, беттестіре отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуға, ой – тұжырым жасауға үйрету.
Сабаққа балалар белсене қатысып, геометриялық пішіндерді бекітіп, 1-ден 5 –ке дейін сандарды тура және кері санап, берілген тапсырмаларды орындай алды.