Далада қалың қар жатқанымен, күнтізбе бойынша көктем келіп қалды! Және көктемнің шуақты күндері әйелдер күні тәрізді керемет мерекемен басталады. Бұл күні барлық игі тілектер біздің сүйікті аналарымыз, барлық әйелдерге арналады. Өйткені ана –әр адамның жер бетіндегі ең жақын адамы. «Қарлығаш» естиярлар тобында «Волшебные лепестки» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға көптеген қонақтар келді. Балалар өз аналарының алдында бар ниеттерімен өнер көрсетті. Олар өлеңдер оқыды, ән шырқады, изгі тілектерін аналарына арнады, бар назары мен нәзіктігін аналарына сыйлауға тырысты. Аналар өз балаларына мақтанышпен қарап, олардың өнерлеріне шынайы сүйсінді конкурстарға қатысты. Ал балалар аналарға жанкүйер болды! Мерекенің соңында аналар мен балалардың бірлескен керемет флешмоб мерекені әрлендіре түсті!