Текст
3 қазан күні облыстық "Көкшетау" мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Педагогтар алдында Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев сөз сөйледі және марапаттарды, грамоталарды тапсырды . №4 "Еркежан" балабақшасының меңгерушісі Толғамбаева Жанаргүл Еркенқызы "Аялы алақан"номинациясындағы үздік жетістіктері үшін ақшалай сертификатпен марапатталды.