Ағымдағы жылдың 23 қазанында "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы on-Iine режимінде "Жаңартылған мазмұн аясында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына облыстық, Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мамандары, әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. Вебинардың негізгі спикерлері Білім және ғылым министрлігінің, "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығының, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері болды. Сонымен қатар вебинар бағдарламасында №4 "Еркежан" балабақшасының әдіскері А. Д. Серикпаеваның "Білім мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар" атты баяндамасы тыңдалды. Қорытындысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жетекшілік ететін мамандар мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары пікір алмасты.