Текст
Қарашаның жетісі күні «Арай» тобының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Ата-аналар жиналысы сәлемдесу шаттық шеңберінен басталды. Осы жақсы көңіл күйінде жиналыс жалғастырылды. Тәрбиеші ата-аналарды балалық шағына шақырып, олармен компьютерлік ойындарды, LEGO конструкторларды ойнауға ұсынды. Жиналыс соңында тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың бойындағы білуге құштарлық, қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуге келісті.