Қуатты, сұлу әйел, театралық костюмдер патшалығының иесі – Есеева Ляйлим Есенбековна,«Еркежан» бөбекжайының кастеляншасы Ляйлим Есенбековна Торғай облысы, Қима ауданы Терісаққан ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасы ән айтуды жақсы көрген,әкесі домбыра тартып, баянда ойнайтын. Сондықтан артистігімен ерекшеленген Ляйлим орта мектепті біоіріп, музыкалық училищеге оқуға түскен. Бірақ,отбасылық жағдайға байланысты қызға ауылға қайтуға тура келді.
Талантты адам қай жерде болмасын талантты демекші, Ляйлим кондитерлік бұйымдар шығаратын орында жұмыс жасады.Сосын Жақсы аудандық тұрмыстық комбинатында жұмыс жасады, екі аптадан кейін сырт киім тігу шебері атанды.
Ляйлим Есенбековна Колутон ауылына тұрмысқа шықты. Жұбайы Кобеген, қызы Асель, ұлы Арман тамаша адамдар. В Колутоне Ляйлим киномеханик, клуб меңгерушісі болып қызмет жасады.
2008 жылдан бері Есеева Ляйлим Есенбековна Атбасар қ. қарттар үйінде аспазшының көмекшісі,мәдени шараларды ұйымдастырушы болып жұмыс істеді.. Ол сол кездегі қызметін,қарттарды, бірлесіп өткізген іс шараларды ерекше мейірмен еске алады. Қарттар үйі жабылған соң "Еркежан" балабақшасы ретінде қайта құрылғанда тәрбиешінің көмекшісі кейін кастелянша болып жұмыс жасады. Оның алтын қолдары дем алуды білмейді, қолына қандай істі алса да шын дүректен,сапалы істейді. «Еркежан» балабақшасында жұмыс жасаған он жыл ішінде ол барлық мерекелерге талай тартымды костюмдер тікті. Балабақша өз тәрбиеленушілерінің, педагогтардың жетістіктерімен және әр шараға арнап Есеева Ляйлимнен ұсынылған сахналық костюмдерімен танымал, Атбасар қаласының аиын шығарып,мерейін көтеріп жүр.
2022 жылдың шілде айынан бері Ляйлим Есенбековна зейнетке шығып, құрметті демалыста болу керек еді,бірақ ол еңбек етуді жалғастыруды ұйғарды. «Еркежан» балабақшасының ұжымы Ляйлим Есенбековнаға көп жылғы маңдай алды еңбегі үшін алғыс білдіреді, оған мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасының берекесі мен жайлылығын тілейді!