Текст
Жұмыс жоспарына сәйкес, «Қарлығаш» тобында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Денсаулық және МЕН» атты тақырыптық сабақ өткізілді. Балалар Денсаулық әлеміне жол тартып, «Дәрумендер», «Дене шынықтыру» және «Тазалық» қалаларында болды Олар адам ағзасына пайдалы дәрумендерден құралатын тағамдар туралы білді. Денсаулық үшін спорттың пайдасы туралы білімдерін бекітіп, «Неболей-ка» массажын жасады. Ал «Тазалық» қаласында денсаулық сақтау үшін жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығы жайлы білді. Денсаулық әлеміне саяхат осымен аяқталып қоймайды, балаларды жаңа білімдер мен талай жаңашылдықтар, жаңалықтар күтуде. Денсаулық адамның басты құндылығы.