Текст
«Арай» және «Аққулар» мектепалдындағы топтарында музыкалық сабақтар өтті.
Мақсаты: дауысы мен ырғақты естуге арналған жаттығулардағы күрделі емес әуендерді нақты интонациялауға үйрету.
Әннің нақышын қабылдауға, әуенді дұрыс, нақты айтып, әндетуге баулу. Таныс әндерді музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз өздігінен орындауға үйрету.
Музыка тоқтатылғанда қимылдарын тоқтатып, әсер етуге баулу. Таныс би қимылдарын бекіту.
Музыкалық аспаптарда бірлесіп ойнау дағдыларын жетілдіру. Орындаушылық дағдыларын дамыту.