Текст
"Қарлығаш" ересектер тобында дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді.
Балабақшадағы дене шынықтыру-бұл баланың мекемедегі жалпы дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Әрбір ата-ана баласын сау, белсенді және көңілді көргісі келеді. Баланың әрқашан осылай болуы үшін негіздерді ерте балалық шақтан бастау керек. Сондықтан балабақшада бұлшықеттердің дамуына, олардың ептілігіне, күші мен төзімділігіне көп көңіл бөлінеді.